ЖОБА
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ МЕН ШЕШІМ
Павлодар қаласы 2023 жыл
Павлодар облысының кейбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерін
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы
30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақсу қаласының «Алғабас» ауылдық округі «Қанаш Қамзин» ауылдық округі және «Жолқұдық» ауылы «Қанаш Қамзин» ауылы болып қайта аталсын;
Успен ауданы Ольгин ауылдық округі «Ольгин» ауылы «Қызылағаш» ауылы болып қайта аталсын.
|
Павлодар облысының әкімі А. Байханов |
Облыстық мәслихаттың төрағасы И. Теренченко |