Қалқаман ауылдық округінде 2 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде Қалқаман ауылының Мәдениет үйі және Ақжол ауылының мәдени – саулық орталығы.
Мәдениет мекемелері қызметінің негізгі түрлері театр, музыка, хореография, бейнелеу және басқа да өнер түрлерін, халық шығармашылығын, фольклор мен көркемөнерпаздықты дамыту; мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерді, фестивальдерді, конкурстарды, байқауларды, көрмелерді, ауылдық мәдени-бұқаралық іс-шараларды және мәдениет пен өнер саласындағы басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.