Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (АҚЖ) кез келген құқықтық сұраққа онлайн режимде жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі «Цифрлық көмекші» чат-боты іске қосылды. Сонымен қатар, «Әділет» АҚЖ-не енгізілген бұл чат-бот қойылған сұрақтар бойынша заңнамалық актілердің нормаларына сілтеме береді.
«Әділет» АҚЖ-не кіру үшін интернет қажет. Бұл қосымша интернетке қосылған кез келген ұялы телефон немесе компьютер құрылғысы арқылы қолжетімді.
Чат-ботты пайдалану үшін adilet.zan.kz ресми порталына өтіп, басты бетте төменгі сол жақ бұрыштағы чат боты белгішесін басу керек.
Ашылған терезеде Сізді қызықтыратын сұрақты енгізіңіз. Жауап автоматты түрде беріледі, қажет болған жағдайда чат бот нақтырақ ақпарат беру үшін сұрақты нақтылауды ұсынады.
Қызмет тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз қолжетімді, тіркеуді қажет етпейді және толығымен тегін.
«Цифрлық көмекші» азаматтарға кез келген құқықтық сұрақ бойынша жедел әрі қолжетімді заңгерлік кеңес бере алады.
Осыған қоса, халықты заң көмегін онлайн түрде алу және көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық жүйе – «E-Zan Komegi» туралы хабардар ету бойынша Әділет департаменті жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
«E-Zan Komegi» ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта Android жүйесінде iOCu қосымшасы арқылы қолжетімді. Бұл кез келген пайдаланушыға өмірлік жағдайларды шешу үшін заңгерлік қауымдастыққа жүгінуге мүмкіндік береді.
Аталған жүйе азаматтардың адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мен жеңілдетуге бағытталған.
Сондай-ақ, портал аясында азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық ақпарат қызметінің операторларымен «Бейнеқоңырау» функциясы іске қосылған.
Жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекшіні енгізу мен пайдалану – ел азаматтарына заң көмегінің қолжетімділігін арттырып, құқықтық қызметтерді автоматтандыруды көздейтін Digital Justice (Цифрлық әділет) бастамасының бір бөлігі болып табылады.
Евгеньевка ауылдық округінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік ойын-сауық шарасы өтті.
Әр бала мейірім мен қамқорлыққа, бейбіт әрі қауіпсіз өмірге лайық!
🌟 Мереке құтты болсын!
Балаларға шаттық, көтеріңкі көңіл-күй, армандардың орындалуын және жарқын жазғы демалыс тілейміз!
2024 жылғы 27 ақпан күні С.Дөнентаев қалалық Мәдениет сарайында «Аналардың ізімен» өңірлік байқауы өтті.
Аталмыш байқауға 13 команда қатысты. Әр команданың құрамына енесі, келіні және немересі кірді.
Қатысушылар ұлттық тағамдар дайындады, бесік жырын шырқады, қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы айтып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Байқау қорытындысы бойынша Қалқаман ауылдық округінің командасы 1 орын алса, Евгеньевка ауылдық округінің командасы мен Алғабас ауылдық округінің командасы 2 орынды бөлісті, ал М.Омаров атындағы ауылдық округінің командасы мен Қызылжар ауылының командасы
3 орынды бөлісті.
Евгеньевка ауылынан Г.М.Абельжанова, Б. Махмед, М.Б. Ақжігіт қатысты. Ауылымыздың командасын жүлделі 2 орынмен құттықтаймыз.
2024 жылдың 4 ақпанында Қарағанды қаласында көркем өнер және би спортынан «Baby talent» халықаралық чемпионаты өтті. Ауылымыздың тұрғыны Тульбас Інжу эстрадалық вокал номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі Лианна Валентиновна Миронова.