«Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де қызметті алушылармен бірге 2023 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есепті қоғамдық талқылау өткізілді.
2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Ақсу қаласы Евгеньев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 5 мемлекеттік қызметтердің түрлері көрсетіледі:
1."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
2."Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру";
3."Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу";
4. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату";
5. "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою".
2023 жылы «Ақсу қаласы Евгеньев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 65 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 109 өтініш түсті.
Евгеньевка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары қажетті қызметтерді e-gov «электрондық үкімет» порталы арқылы ала алады.
Тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын тиімді арттыру мақсатында, әкім аппаратымен түсіндіру жұмыстары («Ашық есік күні», дөңгелек үстел, БАҚ-та мақалалар жариялау, Евгеньевка ауылдық округі әкімі аппаратының сайтында, «Instagram» әлеуметтік желі платформасында).жалғасын табады
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.