«Евгеньевка ауылының «Достық» мәдени – сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны 1974 жылы салынған. Мәдени - сауық орталығы электр жылу жүйесімен қамтылған. Көрермен залының отыру орындарының саны: 240 орын.
Евгеньевка ауылдық округінде ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар, үйірмелер мен секциялар: мәдени-сауық, шығармашылық, вокал, театрлық, би өнері, қол өнері және т.б.
Евгеньевка ауылы «Достық» мәдени-сауық орталығында 8 клубтық құрылымдар бар: оған қатысушылар саны 94 адам.
“Надежда” вокал тобы (жұмыс уақыты сейсенбі, жұма 15:00-16:00, 19-75 жас аралығы), “Арай” би тобы (жұмыс уақыты сенбі, жексенбі 15:00-16:00, 9-14 жас аралығы), “Магия рукоделия» қол өнер үйірмесі (жұмыс уақыты дүйсенбі, жұма 16:00-17:00, сенбі 12:00-13:00, 8-15 жас аралығы), «Компанелла» вокалдық тобы (жұмыс уақыты дүйсенбі, сәрсенбі, жұма 14:00-16:00, 6-16 жас аралығы), «Арна» вокал тобы (жұмыс уақыты жұма 15:00-16:30, 6-13 жас аралығы), «Играем в жизнь» театр студиясы (жұмыс уақыты сәрсенбі 17:00-18:00, 8-18 жас аралығы), «Балауса» домбыра ансамблі (жұмыс уақыты сәрсенбі 14:30-15:30, 15:30-17:00, сенбі 09:00-10:00, 10:15-12:15, 7-15 жас аралығы), бильярд залы бар.
Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелермен қатар тілдерді қолдану мен дамыту, жастарға арналған іс-шараралармен қатар, мерейтой күндері бойынша, патриоттық тәрбиеге арналған іс-шаралар, қамқорлық қайырымдылық бағдарламасы, балаларға арналған іс-шаралар, салауатты өмір салты бағдарламасы аясында көптеген іс – шаралар болып өтті.