Аққулы ауданының Қарақала ауылдық округі әкімінің
«Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі Қарақала ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы» № 1-04/1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ
Аққулы ауданының Қарақала ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі Қарақала ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы» № 1-04/1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы (бұдан әрі - Шешім жобасы) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 1.1-28/15 ұсынысы негізінде әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтату және Павлодар облысы Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 1-04/1 шешімінің күші жойылу деп тану.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14027175 «Құқықтық көмек» бөлімінде 2022 жылғы 10 наурыздан 14 наурызға дейін орналастырылған.