Хаттама №1
2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылауды өткізу туралы
Малыбай ауылы: 2021 жылғы 19 ақпан
Өткізу уақытты: 15.00-де
Өткізу орны: Онлайн
Қатысқандар: Округ әкімі, округ әкімі аппаратының мамандары, Малыбай ЖОББМ директоры, сондай-ақ қызмет алушылар.
Барлығы: 10 адам қатысты
Күн тәртібі
«Аққулы ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есебін тыңдау
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылау округ әкімі А.Айғазиновтың төрағалығымен өтті. Ол "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылау жүргізетінін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Малыбай ауылдық округінің әкімі Айғазинов Асқарбек Рашитұлы сөз сөйледі.
Ауылдық округ әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің жеті түрі көрсетіледі «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою», "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет», «Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Өтініш беруішінің «Отбасының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
Малыбай ауылдық округінің әкімі қызмет алушыларды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есеппен таныстырды, 5 іс-шара өткізілді, онда 100 адам қамтылды. Әкімдік мамандары округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында буклеттер таратты. Қызмет алушылар тарапынан мерзімдер мен шағымдардың бұзылуы жоқ. Қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсетудің қатаң бекітілген стандарттары мен регламенттерімен көрсетіледі.
Сондай-ақ, әкім қызмет алушыларға ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет веб-порталы, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы алу мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Көрсетілетін қызметті алушылар мен қызығушылық танытқан тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар мен ұсыныстар жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында:
Малыбай ауылдық округінің әкімі А. Айгазинов
Хатшы А.Рымгожина