Көшелерде және басқада қоғамдық орындарда (оның ішінде жағалауда, жағажайда және т.б.) алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорғайтын масаң күйде келу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 440-бабына сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түрінде жауапкершілікке әкеп соғады.
Әуесқой балықшылардың алкогольдік (уытқұмарлық, есірткілік) күйде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынатынын естен шығармағандары жөн. Қазақстан Республикасының Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 383-бабында жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшелерінде, заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.
Аққулы ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі