1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілген стандарттар – 8, бекітілген регламенттері - 8.
2020 жылы Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 6 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметтері жеке тұлғаларға қағаз түрінде көрсетілді. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 2 - жеке тұлғаларға, 5 – заңды тұлғаларға.
Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызмет: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің Ережелері орналастырылған, сондай-ақ мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген және мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін пандус пен шақыру түймесі бар.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында брошюралар таратылып, ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. 2020 жылдың 12 айында 4 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, тұрғындарды қамту 115 адамды құрады.
Округте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша баннер бар.
Мәдениет үйінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, компьтерлік техникамен және интернетпен жабдықталған, электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы роликтер көрсетіліп тұрады.
жетілдіру жөніндегі қызмет
Кестеге сәйкес Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты лауазымды тұлғаларды оқыту, сондай-ақ тұрғындарға ЭЦҚ, анықтама және т. б. алуға қызмет көрсету үшін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Аққулы ауданы бөлімі мамандарының мобильді тобының шығуы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есептерді жария талқылау өткізілді.
Ішкі бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
2020 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ, қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі ауылдық округ әкімінің тұрақты бақылауында.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін округте 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына қызмет берушілердің, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында «Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есептерді көпшілік талқылауын өткізу жоспарланған. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
2021 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Жамбыл ауылдық
округінің әкім Н. Айтуғанов
Нысан
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Өтініш беруші туралы мәлімет |
Шағымның мазмұны |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарастырған күні |
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |