Меню

Страницы

Статья

Аққулы ауданының ауылдық округ әкімдеріне куәліктер табысталды.

 

 

            2021 жылғы 25 шілде ел мен аймақ үшін тарихи күн болды. Аққулы ауданының Баймолдин, Жамбыл, Қарақала, Қызылағаш, Майқарағай және Шарбақты ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Халық сайлауға белсенді қатысып өз таңдауын жасады.             Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Аққулы ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлау бойынша дауыс берудің қорытындыларын шығарды: сайлау нәтижесінде Баймолдин ауылдық округінің әкімі Кайрат Сартаевич Омаров, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Нурман Гизатович Айтуганов, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Дастан Серикович Бейсенбаев, Қарақала ауылдық округінің әкімі Ерлан Сержанович Наскенов, Майқарағай ауылдық округінің әкімі Сайфулла Тукенович Раскелдинов, Шарбақты ауылдық округінің әкімі Махаббат Умертаевна Абулова сайланды.            2021 жылы 27 шілдеде Аққулы ауданының әкімдігінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжанат Қаратайқызы Калиева жаңадан сайланған әкімдерге салтанатты түрде куәліктер табыстады және оларға сәттілік тіледі. 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июля 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы