2021 жылдың 19 шілдесінде Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Қ.Аманжолова, Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Қалиева, Аққулы ауданының кураторы _____________, Аққулы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Т.Т.Кобайдаров және жергілікті атқарушы органның өкілі қатысты. Сайлау процесін ұйымдастыруда Аққулы ауданының учаскелік сайлау комиссияларында болып, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, поселкелердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға қатысатын учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен және хатшыларымен кездесу өткізді. Кездесу сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, поселкелердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға арналған сайлау науқанының аясында өтті. Кездесу барысында қатысушылар құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз етуді және әкімдерді сайлауды пандемия жағдайында талқылады. Аманжолова Г.К. ауылдық округ әкімдерін сайлау процесінің ұйымдастырушылық және процедуралық аспектілерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесу соңында қонақтар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.