Өрт – бұл әрқашан бақытсыздық. Алайда барлығы өрт жағдайындағы элементарлық мінезқұлық ережелерін біле бермейді, және тіпті бала кезден таныс «101 қоңырау шалыңыз» - байбаламда ұмыт болады. Күрделі жағдайларда сізге көмектесетін бірнеше ең қарапайым кеңестер осылар. Басты ереже – ерқашан байбаламға салынбау керек!
Жану кезінде улы газдар бөлінеді: күшті қышқыл, фосген және басқа, ал ауадағы оттегі құрамы түседі. Осы себептен отпен қатар, түтін және ыс қауіпті. Жану өнімдерінің концентрациясы артқан кезде адам ағзасының ықтимал реакцияларын есекру керек;
Тұңшықтырғыш газ: 0,01% – әлсіз бастың ауырсынуы; 0,05% – бастың айналуы; 0,1% – естен тану; 0,2% – кома, жылдам өлім, 0,5% – кенет өлім;
Көмірқышқыл газ: 0,5% дейін – әсер етпейді; 0,5% бастап 7% дейін – жүрек ырғағының жиілеуі, тыныс орталықтары параличінің басталуы; 10% жоғары – тыныс жолдарының параличі және өлім.
Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі