2021 жылы 08 шілдеде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 3 үміткердің құжаттары келіп түсті. Үш кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы үміткерлердің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде қойылған талаптарға сәйкестігі анықталуда.