Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Аққулы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тағайындау туралы.

 

 

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағы, 20-бабының 12-тармағына сәйкес және түскен өтініштері негізінде Аққулы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Бекмуратов Марат Байзауович, 19.04.1972  жылы туған, қазақ, білімі арнаулы орта, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, Тақыр ауылында тұратын, шығып қалған Ж. М. Бастенованың орнына №347 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

Кабдрашит Нурсулу Нурлановна, 16.03.1995 жылы туған, қазақ, білімі арнаулы орта, Б. Уахатов атындағы ЖОББМ іс-жүргізуші, Мерғалым ауылында тұратын, шығып қалған Е. А.Ураскановтың орнына №343 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

Темирбаева Айнур Айтпаевна, 19.09.1983 жылы туған, қазақ, білімі арнаулы орта, Жаңатаң НЖББМ іс-жүргізуші, Жаңатаң ауылында тұратын, шығып қалған С. Б. Курманованың орнына №332 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

Махмұт Әшірәлі Ерболұлы, 09.07.1993 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Тлектес ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі, Шабар ауылында тұратын, шығып қалған Н.Ш. Аугазиннің орнына №330 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

Габдуллина Жанар Каирболатовна, 22.03.1978 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Абай атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шабар ауылында тұратын, шығып қалған С. К. Сейтованың орнына №330 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

Ергазинова Ризагуль Женисовна, 23.11.1970 жылы туған, қазақ, білімі арнаулы орта, Жабағылы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі, Жабағылы ауылында тұратын, шығып қалған О. Ж. Абуловтың орнына №344 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

Учаскелік сайлау комиссияларының тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлағанға дейін есептелсін.

Осы шешім Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихатына, учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.

Сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                      Г. Калиева

Сайлау комиссиясының

          хатшысы                                                                      Б. Мукатаева

Аққулы ауылы,

2021 жылғы 07 шілде,

№ 10

Дата публикации
07 июля 2021
Дата обновления
07 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы