Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында анықталған, әзірленген ұсынымдар бойынша шаралар қабылдау туралы анықтама

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында «Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-де келесі ұсынымдар әзірленді:

  1. «Мүдделер қақтығысын реттеу» бағыты бойынша -

1.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыру.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және сақтау бойынша тұрақты негізде дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіледі. Көрнекті орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдың мазмұны бар брошюралар мен парақшалар жапсырылған.

1.2 Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы сақтау

«Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде осы қызметті көрсететін мемлекеттік қызметшілерге заңнама қатаң сақталады, қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан заңнаманы сақтамау бойынша шағымдар мен өзге де теріс фактілер болған жоқ.

  1. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша -

1.1 ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын қосу және ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бірінші кредиттік бюросынан жауап беру бөлігінде ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығына ұсыныстар енгізу және борышкерлер тізілімінде тұрмайтындығы туралы құжат ұсыну қажеттігі туралы хат жолдансын.

Хат Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ағымдағы жылдың 15 сәуірінде жолданды (хатты қоса береміз).

1.2 «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмысын жүргізу.

«Дипломмен-ауылға!» жоба бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: жергілікті газеттегі мақалалар (мақаланы қоса береміз), бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен әңгімелер, сондай-ақ бағдарламаның қолданыстағы қатысушыларымен жұмыс жүргізіледі (бюджеттік кредиттер бойынша қарыздарды қайтару бөлігінде, бапты қоса береміз).

 

 

Аққулы ауданының

экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                                                      Ә.Ахметова

Дата публикации
01 июля 2021
Дата обновления
01 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы