Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өтелетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстар мөлшерін белгілеу туралы

 

 

 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағының 2-бөлігіне және Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 ж. 29.06. № 91 Қаулысы негізінде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттың мынадай шығыстар мөлшері белгіленсін:

1) теледидар, радио арқылы бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 0,1 баспа парақтан аспайтын 2 мақала жариялау -110 000 (бір жүз он мың) теңге сомасында;

2) сайлау алдындағы жария іс – шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) көлік шығыстары-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

4) сайлаушылармен кездесу үшін үй – жайды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында.

            2. Осы қаулы Аққулы ауданы әкімдігінің сайтында жариялансын.

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                 Г. Қ. Қалиева

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                   Б. Ж. Мукатаева

 

Аққулы ауылы,

2021 жылғы 02 шілде,

№ 9

 

Дата публикации
05 июля 2021
Дата обновления
05 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы