2021 жылы 04 шілдеде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2 үміткердің құжаттары келіп түсті.
Бір кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды, екінші кандидат саяси партиядан болды. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы үміткерлердің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде қойылған талаптарға сәйкестігі анықталуда.