Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы.
2021 жылы 2 шілдеде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: Аққулы ауданы Шарбақты және Қарақала ауылдық округі әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы. Осы мәселелер бойынша Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Қалиева Г.К. сөз сөйледі. Ұсыну кезінде ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін қажетті құжаттарды қарастырып. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы, кандидаттардың талаптарға сай екенін анықтады.
Жоғарыда айтылғандар негізінде Шарбақты және Қарақала ауылдық округі әкімдікке кандидаттардың сәйкестігі туралы хаттамалар жасалды.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы