Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамда 2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру барысында Аққулы ауданында "Ертіс-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің "Адал көмек" және "Антикор LIVE" жалпы облыстық акциясы аясында Facebook парақшасында апта сайын Facebook және INSTAGRAM әлеуметтік желілерінде мемлекеттік органдардың бөлім басшыларының қатысуымен тиісті тікелей эфирлер өткізіледі.
Аудан әкімі кеңесшісінің әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстары және карантин кезінде аудандық ауруханаға қайырымдылық көмек көрсету туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Мектептердегі карантиндік шаралар туралы, тұмауға қарсы және МӘМС вакцинациясы туралы, ҚР Салық кодексіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы, жылыту маусымына дайындық туралы, аудандық аурухананы дәрі-дәрмекпен, ауыз сумен қамтамасыз ету және жарақтандыру туралы, Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуды Кредиттеу туралы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері, мүгедек адамдарды қорғау, қысқы кезеңде жолдарды қардан тазалау бойынша жүргізілетін жұмыстар.
Жалпы жыл басынан 46 тікелей эфир өткізілді.
Ағымдағы жылы бекітілген медиа-жоспарға сәйкес аудандық газетте және аудан әкімінің сайтында Сыбайлас жемқорлыққа бағытталған 16 мақала жарияланды.
Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауданның барлық мектептерінде оқу жылы кезеңінде ай сайын "Адалдық сағаты"сынып сағаттары өткізіледі.
Оқушыларды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар, конкурстар өткізіледі.
Сонымен қатар, ерікті мектеп клубтары арасында екі номинация бойынша онлайн конкурс өткізілді: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік бейнеролик», «үздік буклет». Instagram және Facebook ресми әлеуметтік беттерінде барлық жұмыстар жарияланған.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша барлық іс-шаралар елде қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн форматта өткізіледі.
Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 250 мың теңге бөлінеді, лот жарияланып, шілде айының басынан жеңімпаз анықталады.
Ішкі саясат және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы Е.Шакиров