2021 жылы 01 шілдеде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша 1 үміткердің құжаттары келіп түсті. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы үміткердің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде қойылған талаптарға сәйкестігі анықталуда.