Меню

Страницы

Статья

«Аққулы ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп

 

 

 

2021 жылғы 15 сәуір                                                           Аққулы селосы

 

Ішкі талдау объектісінің толық атауы:

«Аққулы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Аққулы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 1-03/220 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес «Аққулы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есеп және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілік және мемлекеттің коммуналдық меншікке құқықтарын іске асыру және жекешелендіру саласында басшылықты жүзеге асырады. Бюджетті атқару және ауданның коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Ішкі талдаудың негізі:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» № 12 бұйрығына, «Аққулы ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысының «Аққулы ауданының қаржы бөлімі» ММ - де 2021 жылғы 1 тоқсан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау туралы» 2021 жылғы 07 сәуірдегі №1-05/11 бұйрығына сәйкес.

Талдау кезеңі:

2021 жылдың 8 сәуірінен 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін.

Ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі:

2021 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 31 наурызы.

«Аққулы ауданнының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілер:

«Аққулы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Азаматтық кодекстерін басшылыққа алады.

«Аққулы ауданнының қаржы бөлімі» ММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

2021 жылдың 1 тоқсанында штат саны 8,5 құрады. Нақты саны - 7 адам.

2021 жылдың 1 тоқсанындағы кадрлардың ауысуы 0 адамды құрады.

2021 жылдың 1 тоқсанында тәртіптік жазаға тартылған - 0 адам:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар - жоқ;

- «Аққулы ауданнының қаржы бөлімі» ММ-нің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық - жоқ;

- сотталғандар – жоқ.

Қаржы бөлімімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Аққулы ауданы әкімдігінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, сенім телефоны көрсетілген, ол арқылы азаматтар қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері туралы хабарлай алады.

Мүдделер қақтығысын шешу жолында:

Мемлекеттік сатып алу процедуралары кезіндегі қосылу фактілері және жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, толық және жарты ағалары мен апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы атқаратын лауазымдарға тікелей бағынатын мемлекеттік лауазымдарды иелену анықталмаған.

Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №648 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырады және өнім берушімен кез-келген байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек электрондық форматы веб-порталда сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы толық және сенімді ақпарат алуға және олардың орташа сатып алу бағаларын анықтауға мүмкіндік берді. Электрондық келісімшарттардың енгізілуі және мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашық етуге бағытталған бірқатар басқа ережелер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қызмет көрсету желісінде:

«Аққулы ауданнының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді.

Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп Аққулы ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылады.

«Аққулы ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

«Аққулы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көрінісі фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері анықталмағанын атап өтеміз.

Ұсыныстар:

2021 жылдық бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «Аққулы ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

 

Қаржы бөлімінің

басшысы                                       ________________   Абаева Н.Т.

 

Бас маманның м.а.                      ________________   Джапаров О.М.

 

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы