2021 жылғы 25 маусымда Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізілді, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Аққулы ауданының Баймолдин, Жамбыл, Қарақала, Қызылағаш, Майқарағай және Шарбақты ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.
Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңдағы түзетуге қол қойды.
Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауыл округтері әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауыл округтерінің әкімі төрт жыл мерзімге, лауазымға Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жиырма бес жастан кем емес жаста тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқымен жалпыға бердей, тең, тікелей сайлау құқығымен жасырынды сайлау кезінде сайланады.
Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжанат Қаратайқызы Қалиева баяндама жасады. Ол кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталатыны туралы, яғни 26 маусымда және сайлау өткізу күніне дейін он бес күн қалғанда, яғни 9 шілдесінде аяқталатынын хабарлады. Әкімге кадидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша он сегізде, яғни 2021 жылы 14 шілдеде, сайлау күніне он күн қалғанда аяқталады.
Сайлаудың нәтижелері Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күннен кешіктірілмей белгіленеді.