«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Аққулы ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын: 1) Баймолдин ауылдық округінің әкімі - Баймолдин ауылдық округінің шекарасындағы Баймолдин сайлау округі; 2) Жамбыл ауылдық округінің әкімі - Жамбыл ауылдық округінің шекарасындағы Жамбыл сайлау округі; 3) Қызылағаш ауылдық округінің әкімі - Қызылағаш ауылдық округінің шекарасындағы Қызылағаш сайлау округі; 4) Қарақала ауылдық округінің әкімі - Қарақала ауылдық округінің шекарасындағы Қарақала сайлау округі; 5) Майқарағай ауылдық округінің әкімі - Майқарағай ауылдық округінің шекарасындағы Майқарағай сайлау округі; 6) Шарбақты ауылдық округінің әкімі - Шарбақты ауылдық округі шекарасындағы Шарбақты сайлау округі. 2. Шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін Аққулы ауданы әкімдігінің сайтында және «Aqqu uni» аудандық газетінде жариялансын.
Аққулы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Г. Қ. Қалиева
Аққулы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Б. Ж. Мукатаева
Аққулы ауылы,
2021 жылғы 25 маусым,
№1-03/7