«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Аққулы ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын: - Баймолдин ауылдық округінің әкімі; - Жамбыл ауылдық округінің әкімі; - Қызылағаш ауылдық округінің әкімі; - Қарақала ауылдық округінің әкімі; - Майқарағай ауылдық округінің әкімі; - Шарбақты ауылдық округінің әкімі. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Аққулы ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін. 3. Осы қаулы Аққулы ауданы әкімдігінің сайтында, «Aqqu uni» аудандық газетінде жариялансын.
Аққулы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Г. Қ. Қалиева
Аққулы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Б. Ж. Мукатаева
Аққулы ауылы,
2021 жылғы 25 маусым,
№ 1-03/6