Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Аққулы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметшілерінің мінез-құлқы стандарты

Осы қызметшілер мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және "Аққулы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан-әрі Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметшілері) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністері.

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу мақсаты халықты жұмыспен қамту орталығы тіршілік әрекеті саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу міндеттері:

1) Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартының қағидаттары»:

1) заңдылық;

2) транспаренттілік;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: «Аққулы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: "Аққулы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ.
  3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

- азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға ;

- көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ функцияларды орындау барысында әуре-сарсаңнан (төрешілдіктен) аулақ болу;

- Басқарманың қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, уәкілетті органға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;

- тұрақты негізде халықтың сұранысына бағдарлана отырып, басқарманың міндеттері мен функцияларын орындау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті;

өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

- мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

- бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды көздейтін өзге де іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді объективті түрде қарау, шешімдерді тек қана заңнамаға сәйкес қабылдау.

- мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау кезінде өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

- берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

- нормативтік-құқықтық актілерді дайындау барысында "құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚР Заңының нормаларын қатаң ұстану;

- нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын жағдайларда, оларды қоғамдық талқылаусыз әзірлеуден және қабылдаудан аулақ болуға;

- өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;

- құқықтық актілер белгісіз адамдар тобына немесе жеке анықталған тұлғаларға қатысты болуы керек;

өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:

- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау.

  1. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілерімен соқтығысу кезіндегі іс-әрекеттері:

Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс.

Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Дата публикации
23 июня 2021
Дата обновления
23 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы