Меню

Страницы

Статья

«Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты  

 

Осы мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығының негізінде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі бекіткен Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес «Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - экономиканың нақты сектор бөлімі мемлекеттік қызметшілері) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік ахуалын қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Экономиканың нақты сектор бөлімі  мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу мақсаты экономиканың нақты сектор бөлімі қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін орнату болып табылады.

Экономиканың нақты сектор бөлімі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу міндеттері:

  • Экономиканың нақты сектор бөлімі қызметінің жекеленген саласында жұмыс істейтін тұлғаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық алыптастыру;
  • Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында айқындау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау.

Экономиканың нақты сектор бөлімі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының қағидаттары:

  • заңдылық;
  • төзімділік;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау.
  1. Қоғамдық қарым-қатынастар саласының атауы: экономиканың нақты сектор бөлімі қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 
  2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы: «Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» ММ.
  3. Қоғамдық қарым-қатынастардың жекеленген салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлығы (іс-қимылы) ережелері:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске  асыру барысында:

  • азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
  • қарастырылмаған құжаттарды сұратуға жол бермеу, яғни функцияларды атқару барысында сөзбұйдаға салуға жол бермеу (төрешілдік);
  • басқарма қызметі саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, жазбаша түрде уәкілетті органға дереу хабарлау;
  • тұрғындардың сұранысына бағдарлана отырып, басқарманың міндеттері мен функцияларының орындалу сапасын арттыру бойынша шараларды тұрақты негізде қабылдау;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
  • жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
  • қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
    • өз құзыреті шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

- мүдделер қақтығысын болдырмау, ал олар туындаған жағдайда, заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

  • бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды қарастыратын өзге де іс- әрекет жасаған кезде мәселелерді объективті қарау, шешімдерді тек заңнамаға сәйкес қабылдау.
  • мемлекеттік қызметшінің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдау кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер мен өзінің заңнамалық міндеттерін орындаумен байланысты артықшылықтарды қабылдамау;
  • берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;
    • нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
  • нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде 2016 жылғы

6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» № 480-V ҚРЗ нормаларын қатаң сақтау;

  • олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандығын қозғайтын жағдайларда, алдын ала қоғамдық талқылаусыз нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдауға жол бермеу. өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;

-құқықтық актілер белгіленбеген тұлғалар тобына немесе дербес белгілі бір тұлғаларға бағытталуы тиіс;

  • қызмет саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:
  • мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
  • жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық фактілерін кездестірген жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті:

Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметке ие болған жағдайда, ол осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауы тиіс, соның ішінде жоғары тұрған басшысын, жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші басқа тұлғалардың оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тартқан жағдай туралы аталған тұлғалар мен органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.

 

 

Дата публикации
23 июня 2021
Дата обновления
23 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы