Осы мемлекеттік қызметшілермінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»№ 12 бұйрығының негізінде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі бекіткен Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметшілері) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік ахуалын қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу мақсаты Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін орнату болып табылады.
Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу міндеттері:
Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының қағидаттары:
1.Қоғамдық қарым-қатынастар саласы ныңатауы: Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
2.Мемлекеттік қызметшілермінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы: «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
3.Қоғамдық қарым-қатынастардың жекеленген салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлығы (іс-қимылы) ережелері:
3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:
- мүдделер қақтығысын болдырмау, ал олар туындаған жағдайда, заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» №480-V ҚРЗ нормаларын қатаң сақтау;
-құқықтық актілер белгіленбеген тұлғалар тобына немесе дербес белгілі бір тұлғаларға бағытталуы тиіс;
Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметке ие болған жағдайда, ол осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауы тиіс, соның ішінде жоғары тұрған басшысын, жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші басқа тұлғалардың оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тартқан жағдай туралы аталған тұлғалар мен органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.