Ағымдағы жылдың басынан Аққулы ауданында білім бөлімдерімен «Аққулы ауданының 2021 жылға арналған Азаматтық қорғау саласындағы оқытулар мен жаттығулар жоспарына» сәйкес 15 объектілік оқу-жаттығулары өткізілді.
Осындай оқу-жаттығулар жыл сайын білім объектілерінде тоқсанда бір рет өткізіледі.
Оқу-жаттығуларының алдында өрт сөндіру дабыл жүйесі мен дауыстық құлақтандыру тексеріліп, окушылар мен қызметкерлердің барлық қолда бар эвакуациялық шығу жолдары арқылы эвакуация жасалуы және барлық қызметкерлермен өрт қауіпсіздік шаралары мен су тасқыны кезіндегі іс-қимылдар туралы нұсқаулықтар өткізілді.
Аққулы ауданының ТЖ бөлімі