Меню

Страницы

Статья

Семинар - кеңес «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы»

 

            2021 жылғы 26 мамырда «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті. Осы іс-шараның ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы. Бейнеконференция режимінде облыстар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.            Шақырылғандар арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ішкі істер министрлігі (Көші-қон қызметі комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (Мемлекеттік кірістер комитеті), Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (Құқықтық статистика және Арнайы шоттар), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері болды.            Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша сұрақтар қаралды: «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері», «Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау барысы», «Сайлау процесіне қатысушыларға дайындықты ұйымдастыру және ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау науқанын қаржыландыру мәселелері», «Пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын өткізу». 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 мая 2021
Дата обновления
26 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы