Ағымдағы жылғы 24 мамырда Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі "Жазғы демалысты ұйымдастыру туралы" аудандық семинарға қатысты. Семинар барысында аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына жазғы мектеп лагерьлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсініктеме берілді. Сонымен қатар, аудан бойындағы барлық су айдындарында шомылуға тыйым салынатыны туралы айтылды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.
Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі