Меню

Страницы

Статья

ӨРТ ҚАУПІ БАР - ТЕРЕК МАМЫҚТАРЫ

Жазғы кезеңде «жазғы қар» аталатын теректердің гүлденуі мен пайда болуы тұрғындар мен жедел қызметтерді талай сарсаңға салады.

Терек мамықтары едәуір мөлшерде жылу бөлінумен тез өртенеді және бірнеше минут ішінде тіпті үйді де өртеп жіберуге қабілетті. Тұтанудың негізі сөндірілмеген темекі мен сіріңке, от жұмыстарын жүргізу немесе балалар ойыны болуы мүмкін. Балалардың ғана емес, ересектердің де мамықтарды тұтандыруын жиі байқауға болады.

Егер сіз көп қабатты үйде тұрған жағдайдың өзінде мамықтан қорыққан жөн, өйткені қатты жел соққанда мамық он екінші қабатқа дейінгі биіктікке жетеді. Көптеген қалалықтар қатты жауыннан кейін мамық азаяды деп үміттенеді. Шын мәнінде жаңбыр мамықты жерге төндіреді. Күн көзіне жылынған «жазғы қар» өте тез түзеледі және өрт қаупі бар қабілеттерін қайтарады.

Терек мамықтарының жиналуының жоғары қауіпілігі әсіресе сөнуі қиын жеке гараждарда, ал төгілген және уақытылы жиыстырылмаған жанғыш материалдар терек мамықтарының жиналып қалуына және тұтану жағдайында оттың жайылуына себепші болады.

Жазғы кезеңде әсіресе өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет:
- мамықтардың жиналатын орындарын, әсіресе ағаш құрылыстарын үнемі тазартып және су сеуіп отыру керек, балалар мен жасөспірімдерге өрт тұтандыруға руқсат бермеу керек;        
- кәсіпорындар мен мекемелер темекі шегу режиміне бақылау орнатуы тиіс;
- от жақпау және қоқыс өртемеу;   
- дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстардың өтуіне мұқият дайындық өткізу;       
- аумақта суы бар бөшкелер, алғашқы өрт сөндіру құралдар жиынтығы бар жайма тақталар орнату (өрт сөндіргіш құралдар, құм, ілгектер, күректер және т.б.) өртке қарсы су құбырларын іске қосу;     
- өрт қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқаулықтар өткізу.

Тұтанудың алдын алу үшін тұрғындар мен қала мекемелеріне күн сайын аулаларды, тротуарларды, жолдар мен осы табиғи материалдың жиналатын орындарын тазалау, тазарту және суару ұйымдастыру ұсынылады.Мамықтың өртенуімен байланысты жасөспірімдер мен балалардың кез келген ойындарын бұлтартпау. Үлкендердің балаларға терек мамықтарының (мамықтардың ағын сулардағы шағын тобын жинап көрсету) оқ-дәрі екендігін айтуы қажет.

Осы қарапайым ережелерді сақтау ол әрқашан сөндіруге қарағанда ескертуі оңай өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
18 мая 2021
Дата обновления
18 мая 2021
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы