Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында онлайн формата «Контрафакт» республикалық акциясын өткізеді.
Акция аясында жүргізіледі:
1) 2021 жылғы 12 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында 10 -15 жас аралығындағы балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік суретке арналған республикалық конкурс. Жеңімпаз құндық сыйлық - қуатты планшетті күтеді.
2) 14 және одан жоғары жас санатында 2021 жылғы 12 мамырдан бастап 30 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына үздік слоганға арналған республикалық конкурс. Жеңімпаз құндық сыйлық - қуатты планшетті күтеді.
Байқауларға қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін Павлодар облысы әділет департаментің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне 8 (7182) 328364, Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасына 8(71837) 56505 хабарласуға болады.