Аққулы ауданы бойынша 2021 - 2022 жылдарға
арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8 - бабы 1) тармақшасына, 13 - бабына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сессия төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы
Аққулы аудандық мәслихатының
2021 жылғы «__»________
№___ шешімімен бекітілді
Аққулы ауданы бойынша 2021 - 2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1) осы Жоспардың 1 - қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Аққулы ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) осы Жоспардың 2 - қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) осы Жоспардың 3 - қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) осы Жоспардың 4 - қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) осы Жоспардың 5 - қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) осы Жоспардың 6 - қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) осы Жоспардың 7 - қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.
Ауданның климаты күртконтиненттік, қысы салыстырмалы суық, жазы ыстық келеді. Қаңтарда ауаның жылдық орташа температурасы минус 25 градус Цельсийдан минус 30 градус Цельсийға дейін, шілде температурасы плюс 35 градус Цельсийдан плюс 40 градус Цельсийға дейін. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 285 миллиметр.
Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 414856 га;
елді мекендердің жерлері - 131274 га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 1458 га;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер, сауықтыру мақсатындағы жерлер, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер - 160396 га;
су қорының жерлері - 5837 га;
босалқы жерлер - 77498 га.
Аудан аумағында ашық-қоңыр топырақ басым болып келеді.
Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнерді/гектарды құрайды.
Жайылымдар жемдерінің қоры ұзақтығы 180 - 200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.
Қалыптасқан табындар, отарлар, ауыл шаруашылығы жануарларының табындары түрлері бойынша келесідей бөлінеді:
ірі қара мал табыны 112;
ұсақ мал табыны 135;
жылқы табыны 79.
Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Аққулы ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
2-қосымша
Аққулы ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
3-қосымша
Аққулы ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
4-қосымша
Аққулы ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
5-қосымша
Аққулы ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
6-қосымша
Аққулы ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

|
Приложение 7 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по району Аққулы на 2021-2022 годы |
Аққулы ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі
күнтізбелік график
|
№ р/н |
Ауылдық округ атауы |
Жайылымдарда мал жаюдың басталуы |
Малдың жайылымнан қайтарылуы |
|
1 |
Аққулы |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
2 |
Баймолдин |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
3 |
Жамбыл |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
4 |
Қызылағаш |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
5 |
Қарақала |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
6 |
Майқарағай |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
7 |
Малыбай |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
8 |
Шақа |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
9 |
Шарбақты |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |
|
10 |
Ямышев |
сәуірдің екінші жартысы |
қазанның екінші жартысы |