Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты 2021 жылға күндізгі оқу бөліміне талапкерлерді қабылдайды. Институт ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен мамандықтар тізбесі негізінде ҚР ТЖМ бөлімшелеріне арналған жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Институтқа жалпы орта немесе орта кәсіптік білімі бар, саптық қызметке және оқуға жарамды деп танылған, түсу емтихандарынын негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Институтқа қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша берілген сертификат балына сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды институтқа қабылдау бекітілген кесте бойынша төрт кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде Институттың қабылдау комиссиясы оқуға үміткерлерді ҰБТ сертификатының баллына сәйкес іріктейді. Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу жүргізіледі. Үшінші кезеңде дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіледі; Төртінші кезеңде мандаттық комиссия курсанттар қатарына қабылдауды жүргізеді. Күндізгі оқуға түсу үшін институтқа келген азаматтар казармалық жағдайда болады және солдат үлесі нормасы бойынша таиақпен қамтамасыз етіледі. Оқу мемлекет есебінен жүргізіледі, сондай-ақ курсанттар тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі жəне тыңдаушылар барлық оқу кезеңінде казармалық жағдайда болады. Толық ақпарат алу үшін Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне 8(71839)21819 телефоны арқылы немесе Аққулы ауылы Амангелді көшесі 56 ғимарат мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.
Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі