Меню

Страницы

Статья

Мұздың үстінен өткенде, мұзда балық аулаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыздар:

 

Төтенше жағдайларды туғызатын факторлардың бірі – қапталған жұқа мұз. Бір адамды көтеретін мұздың қалындығы -7 см кем болмау керек; сырғанақ жасағанға- 12 см және одан жоғары; жаяу мұздың үстінен өтуге -15 см; автокөлікпен өтуге- 30 см аз болмау керек.

Мынаны білу керек:

– судың өзенге құйылатын жерлерінде, жылдам ағысты, бұлақтарда, суда қамыс, шөп өскен жерлерде, ағаштардың маңайында мұздың беріктігі азайған;

– егер де ауаның температурасы үш күн 0 градуста тұрса, мұздың беріктігі 25% азайады;

– мұздың беріктігін көз мөлшерімен анықтауға болады: мұздың түсі көгілдір болса – мұз мықты, мұздың түсі ақ болса – беріктігі 2 есе аз, ақшыл не сарғыш болса – мұз сенімсіз.

Егер Сіз мұз астындағы суық суға құлаған жағдайда не істеуіңіз керек:

– абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, деміңізді сақтаңыз;

– қолыңызды екі жаққа жайып, мұздың шетінен ұстануға, денені көлденен ұстауға тырысыңыз;

– көмекке шақырыңыз: «Батып барамын!»;

– кеуденізбен мұздың шетіне сүйеніп, алдымен бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды қойып мұздың үстіне шығуға тырысыңыз;

– егер де мұз сынбай, үстіне шыға алсаңыз, аунап келген жағыңызға қарай өрмелеңіз, ол жақтағы мұз сіз келген кезде беріктікке тексерілген.

Қауіп төнген жағдайда, көмек қажет боп, мүмкіндік боп жатса «112» Құтқару қызметі телефон нөміріне хабарласыңыз.

 

Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
25 марта 2021
Дата обновления
25 марта 2021
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы