17 ақпан 2021 года № 1-03/4
Аққулы ауылы
Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабын орындау үшін және Шақа ауылдық округі әкімінің өкілеттілігінің мерзімінен бұрын аяқталатындығы туралы Аққулы ауданы әкімінің хабарламасы негізінде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шақа ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 19 наурызға белгіленсін.
- Шақа ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Шақа ауылдық округі әкімінің сайлау туралы хабарламаны аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын («Аqqu uni» газеті, аудан әкімінің ресми веб-сайты).
- Сайлауды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету үшін осы қаулыны Аққулы ауданының әкіміне және Аққулы аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.
Төрайымы Г. Калиева
Хатшы Б. Мукатаева