Меню

Страницы

Статья

Қайтыс болуды электронды түрде тіркеуге арналған пилоттық жоба

 

Құрметті қызмет алушылар! Сіздердің назарларыңызға қайтыс болуды электронды түрде тіркеуге арналған пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлаймыз. Мүдделі мемлекеттік органдар қайтыс болуды тіркеуге байланысты Мемлекеттік қызметтер көрсетудің оңтайландырылған процесін пилоттық режимде жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Тиісті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында автоматты түрде интеграцияланады, осыған байланысты «қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны» ұсыну жеткілікті. Бұл хабарлама жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде қажет. Жақындарынан айырылған қазақстандықтар eGov.kz порталдан қайтыс болғаны туралы хабарлама ала алады. Қызметті іске қосу кезінде міндетті түрде қайтыс болу және перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті, сондай-ақ қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну талабы алынып тасталады. Хабарламаны алу үшін қайтыс болған адамның ЖСН-ін енгізу жеткілікті.

Өлім туралы хабарлама алу үшін eGov.kz порталына кіріп "отбасы" бөлімінің "отбасы жағдайы" кіші бөліміне өтіп, "қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама" қызметін таңдап, оған тапсырыс беріп ЭЦҚ-мен қол қою қажет. Нәтижемен eGov.kz порталдағы пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады. бас тартудың себебі дұрыс толтырылмаған деректер немесе қайтыс болу туралы акт жазбасының болмауы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, сіз деректерді тексеріп, қызметке қайта тапсырыс беруіңіз керек, ал екінші жағдайда – уәкілетті мемлекеттік органға хабарласыңыз.

 

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы