Меню

Страницы

Статья

ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтқа түсуге үміткерлердің іріктеуі жарияланады

 

 

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.   

Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жəне кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификатының балдарына сəйкес жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

- бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ жəне КТ нəтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

- екінші кезеңде медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтаумақсатында іріктеу жүргізіледі.

- үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сəйкес денешынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу, 100 м жүгіру, 3000 м жүгіру.

- төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу жəне Институт курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шетелдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.

Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.

 

ИНСТИТУТТА ОҚУ ШАРТТАРЫ

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

Институт бітіргеннен кейін түлектерге азаматтық қорғау лейтенанты атағы беріледі және құрылымдық бөлімшелерде кепілдендірілген жұмыспен қамтамасыз етіледі.
        

МАМАНДЫҚТАР

- 5В100100 - Өрт қауіпсіздігі;
- 5В103100 - Төтенше жағдайларда қорғау.      

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайы арқылы хабарласуыңызға болады: Аққулы ауылы,  Аменгелді көшесі 56,   Аққулы ауданының  Төтенше жағдайлар бөлімі, телефон 21-8-19. 

 

Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы