2021 жылы 21 қаңтар күні арнайы комиссиямен Аққулы ауданының Ямышев ауылының жанындағы Ертіс өзеңі арқылы өтетін мұз өткелінің тексерісі жүргізілді. Мұз өткелі қысқы кезеңде шөп пен отын шығару жұмыстарын жүргізу үшін ауыл тұрғынарына қажеттілік мақсатында ұйымдастырылды.
Тексеріс барысында келесі анықталды:
- Ертіс өзеңі учаскісінің мұздың қалындығы 60-65 см;
- мұз өткелге шығу алдында маңдайша орнатылған, онда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс уақыты және өткелге жауапты адамның байланыс телефоны көрсетілген;
- жабдығы бар (багор, баспалдақ, бөрене) құтқару арнайы қалқан орнатылған;
- өткел үшін бөлінген орының шекаралары 10-15 метр қашықтықта орналасқан қабықтармен белгілген;
- кезеңдер арасында қашықтық 10-15 метр;
- шектеу белгісі орнатылған, жүк көтергіштігі 7 тонна, қозғалыс жылдамдығы 20 ш/сағат;
- мұз өткелдің ұзындығы 800 метр.
Тексеріс қорытындысы бойынша мұз өткелі Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жасалынған.
2020 жылғы 21 қаңтардағы «Ямышев ауылында мұз өткелді ашу туралы» актісіне сәйкес мұз өткелді ұстауға «Ямышев ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты. Мұз өткелдің жабылуы 2021 жылғы 1 наурызға дейін жоспарланған.
Даиров А.А.,
Аққулы ауданының
ТЖ бөлімінің инженері