|
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ |
![]() |
ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ РАЙОНА АҚҚУЛЫ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
ҚАУЛЫ |
ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
_____________№__________
Аққулы ауылы село Аққулы
Сайлау учаскесіндегі тәртіп қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 39-бабы 2-тармағына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Төраға Г.Қ. Қалиева
Хатшы Б.Ж.Мукатаева.
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
№12 қаулысымен
2020 жылғы 31 желтоқсанда
бекітілген
Дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидалары
КВИ ауруының белгілері бар азаматтарды анықтау үшін дауыс беруге арналған үй-жайда кіре берісте температураны кезекші медицина қызметкерлері немесе еріктілер байланыссыз термометрлер арқылы өлшеуді қамтамасыз етеді.
Сайлау процесіне қатысушыларда дене қызуының жоғарлауы (37°C–ден жоғары), КВИ ауруының өзге де белгілері анықталған жағдайда медицина қызметкерінің қарауы немесе жедел жәрдемнің келуін күтуі үшін оларды сайлау учаскесіндегі жеке үй-жайда оқшалауын қамтамасыз етеді. Бұл ретте сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде (Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен) дауыс беруге құқылы.
Дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, дауыс беруге арналған үй-жайды үнемі ылғалды жинауды жүргізу, дауыс беруге арналған кабиналарды өңдеу, дауыс беру басталар алдында және қажеттілігіне қарай күні бойы үй-жайды желдету қамтамасыз етіледі.
Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысушылардың барлығы сайлау комиссиясының санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтайды.
Дауыс беру Конституциялық заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Сайлау бюллетеньдерін беру кезінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат сайлау комиссиясының мүшесіне онда көрсетілген мәліметтерді қарауға мүмкіндік беретін қашықтықтан көру үшін ұсынылады. Сайлау комиссиясы мүшесінің өтініші бойынша жеке басын растайтын сайлаушы уақытша маскасын шешіп алады.
Сайлаушылар қашықтық белгілеулер мен қозғалыс маршруты (бағыттамалар) бойынша нұсқағыштарды ұстанады.
Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.
Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
Сайлау учаскесінде сайлаушының өтініші бойынша азаматтың тіркеу орнын тексеру жөніндегі сервис ұйымдастырылады. Тексеруді сайлау комиссиясының уәкілетті мүшесі дереу жүзеге асырады.
1) партиялық тізімдерді ұсынған әрбір саяси партиядан сенім білдірілген адамның куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде сенім білдірілген бір-бір адамнан;
2) Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан (бұдан әрі - ұлттық байқаушылар), егер:
- байқаушының тегі, аты, әкесінің аты, сайлау учаскесінің нөмірі, қандай сайлауды байқауға уәкілетті екені көрсетілген, байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған, қол қойылған жазбаша жолдама;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар
- байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған, қызметінің мақсаты азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға байланысты жарғы (ереже) немесе жарғыдан үзінді көшірме
- байқаушының жазбаша жолдауына қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжат (жарғы, ереже) немесе одан үзінді, жіберуші ұйымның басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе өкімнен көшірме, ұйымның құжаттарына қол қою үшін сенімхат);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат.
Байқаушыны сайлау учаскесіне жіберу үшін заңды тұлғаның қолданыстағы мәртебесі болуы тиіс, яғни оның қызметінің тоқтата тұрылмауы, оған қатысты тарату рәсімдерінің басталмауы тиіс.
3) қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының әр бұқаралық ақпарат құралдарынан бір-бір өкілден;
4) Орталық сайлау комиссиясының аккредиттеу туралы құжаты және жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары;
5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеу туралы құжаты және жеке басын куәландыратын құжат болған кезде шетелдік БАҚ өкілдері.
Шет мемлекет пен халықаралық ұйым байқаушысы, шетелдік БАҚ өкілі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде аудармашымен бірге жүре алады.
Дауыс беруге арналған үй-жайда болу өкілеттіктер растайтын құжаттар төрағаға сенім білдірілген адамдарды, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларын, Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдерін, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын және шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеу журналына тіркеу үшін беріледі.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар есепке алу журналына тіркеледі.
Учаскелік сайлау комиссиясы жоғарыда аталған адамдарды сайлау учаскесіне орналастыру мүмкіндіктеріне сүйене отырып, тіркейді.
Тіркеу журналына сенім білдірілген адамдар, саяси партияның байқаушылары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары, Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдері, халықаралық ұйым және шетелдік БАҚ өкілдері сайлау учаскесінде тәртіп қағидаларымен танысқаны туралы қолын қояды.
Байқаушылардың, сенім білдірілген адамдардың, шетелдік байқаушылар мен БАҚ-тың құқықтары мен міндеттері Конституциялық заңның 20-1, 20-2, 31-баптарында көзделген.
Фото және бейне жазбаларды жүзеге асыру және пайдалану дауыс беру құпиясын, сайлаушылардың дербес деректерін және заңнаманың өзге де талаптарын қорғау ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.
Төраға, немесе оның міндетін атқарушы тұлға сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініші бойынша дауыстарды санау хаттамасына өздері жасаған актілерді қоса беруге міндетті.