|
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ |
ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ РАЙОНА АҚҚУЛЫ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
ҚАУЛЫ |
ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
2021 жылғы 02 қаңтар № 1
Аққулы ауылы село Аққулы
Павлодар облысы Аққулы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және түскен өтініш негізінде Аққулы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ерсин Ермекович Аманов, 17.01.1996 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Жамбыл ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі, Жамбыл ауылында тұратын, шығып қалған О. З. Исагуловтың орнына №333 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.
Учаскелік сайлау комиссиясының тағайындалған мүшесінің өкілеттік мерзімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшесін сайлағанға дейін есептелсін.
Осы шешім Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихатына, учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Г. Калиева
Сайлау комиссиясының
хатшысы Б. Мукатаева