2020 жылдың 24 желтоқсанында Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктер» тақырыбы бойынша онлайн форматында семинар өткізілді. Семинарға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Төрайымы Г. К. Калиева осы тақырып бойынша түсініктеме берді. Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 9 қаңтар сағат 18-ге дейін тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына есептен шығару куәлігін алуға өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге құқылы.
Сайлаушы өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің үш түрін: Парламент мәжілісіне, облыс мәслихатына, аудан мәслихатына ала алады. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі сайлаушының өкіліне сенімхат бойынша берілуі мүмкін, мұндай жағдайда өтінішке сенімхаттың көшірмелері қоса беріледі.
Есептен шығару куәлігі басқа сайлау округінде немесе бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге тілек білдірген сайлаушыларға берілмейді.
Барлық учаскелік сайлау комиссияларына осы тақырып бойынша ақпараттық баспа материалдары таратылды.
АСК хатшысы Б. Ж. Мукатаева