Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округ әкімдерімен және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен өткізілген семинар.

Ауылдық округ әкімдерімен және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен өткізілген семинар.

2020 жылдың 20 желтоқсанында Аққулы ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыру, дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауылдық округ әкімдері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, ТЖ және Аққулы ауданы бойынша Қазақтелеком өкілдері қатысты. Осы іс-шараны өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың барлық шаралары сақталды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Т. Қобайдаров осы саяси іс-шараның жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы баяндап берді.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Г.К. Қалиева 2020 жылғы 10 қаңтарға белгіленген алдағы сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының негізгі тармақтарын атап өтті. Әрбір сайлау учаскесі бойынша Аққулы ауданының әкімі қол қойған сайлаушылар тізімдері акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына ұсынылды. Сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу және дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру бойынша түсініктеме берілді.

Негізгі назар Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №66 «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына аударылды.

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 декабря 2020
Дата обновления
20 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы