2020 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Аққулы ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 8-тармақшасына және 31-бабына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдардың тіркеуін жүргізді.
2020 жылдың 25 қарашасында "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы Аққулы аудандық филиалынан 78 адамнан тұратын сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркелді.
2020 жылғы 11 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалынан 27 адамнан тұратын сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркелді.
2020 жылғы 11 желтоқсанда "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалынан 26 адамнан тұратын сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркелді.
2020 жылғы 11 желтоқсанда "ADAL" Саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалынан 3 адамнан тұратын сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркелді.
Саяси партиялардан тіркелген барлық сенім білдірілген адамдарға Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тиісті куәліктер берді.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы