Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТ

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына «Аққулы ауданы әкімдігінің «Aqqu uni» - «Вести Аққулы» газетінің редакциясы» ЖШС газетке берілетін материалдарды қабылдау шарты, тәртібі және формасы мен төлем көлемі туралы

Саяси партиялардың сайлауалды бағдарламасының ережесі, постерлері, инфографикалары және тізімдегі үміткерлердің суреттерін газет бетінде жариялаудың құны бір квадрат сантиметрі үшін 200 (екі жүз) теңгені құрайды. Сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастырудың төлемақы тәртібі бір шаршы сантиметрге 150 (жүз елу) теңге.

Төлем формасы: қолма қол және қолма-қол ақшасыз есептесу, алдын ала төлеу 100%.

Материалды ұсыну және орналастыру тәртібінің шарты:

Саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларының ережесі мен графикалық суреттері, ақпараттық қызмет көрсетуге келісім шарт және төлем жасалған соң, редакция кезекті газет нөмірін шығару үшін жарияланымға ағымдағы аптаның сейсенбісінен кешіктірмей қабылдайды (материалды тапсыру әдістері қағаз тасымалдағышта саяси партияның сайлауалды штабы төрағасының немесе оның сенімді тұлғасының қолы қойылып және электронды түрде (DVD-RW/, CD-RW/, флештасымалдағыш және т.б.).

Саяси партиялардың материалдарын жариялау кезегі материалдардың редакцияға түсу тәртібі бойынша жүргізіледі немесе өтінімдер бір уақытта түскен жағдайда орналастыру жеребе тарту тәртібі бойынша анықталады. Саяси партиялар сайлауалды материалдары 1-ші, 7-ші және 8-ші беттерден басқа барлық беттерде жариялана береді.

Сайлауалды ақпараттық және үгіттеу материалдарын орналастыру сұрақтары бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 140700, Павлодар облысы, Аққулы ауылы, Амангелді көшесі, 69 үй, e-mail: akku_yni@mail.ru, телефон: 87183921-0-82.

«Аққулы ауданы әкімдігінің «Aqqu uni» - «Вести Аққулы» газетінің редакциясы» ЖШС

Дата публикации
03 декабря 2020
Дата обновления
03 декабря 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы