2020 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға дейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалы Аққулы ауданының 26 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары үшін ZOOM форматында онлайн режимде семинар өткізді. Сабақты "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері өткізді.
Семинардың тақырыбы "Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру". Семинардың өзектілігі мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы өзгерістерге байланысты учаскелік сайлау комиссияларының білікті кадрларын даярлау қажеттілігінен туындайды.
Оқытудың мақсаты-учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері және сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру. Мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша учаскелік комиссиялардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, ерекше жағдайларда шешім қабылдау біліктері пысықталды. Заңға сәйкес сайлау рәсімдерін жүзеге асыру, сайлау рәсімдеріне байланысты мәселелерді түсіндіру дағдыларын меңгеру.
Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті. УСК барлық төрағаларына сертификаттар табысталды.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы