|
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
|
![]() |
ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ РАЙОНА АҚҚУЛЫ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
ҚАУЛЫ |
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
|
2020 жылғы 09 желтоқсан № 9
Аққулы ауылы село Аққулы
Павлодар облысы Аққулы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және түскен өтініш негізінде Аққулы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Болат Юрьевич Нургазинов 02.12.1988 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Қазы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі, Қазы ауылында тұратын шығып қалған М. Ж. Жаркенованың орнына №338 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.
Людмила Викторовна Коверина 12.08.1971 жылы туған, украин, білімі орта, Қазы ауылы мәдениет үйінің еден жуушысы, Қазы ауылында тұратын шығып қалған М. Е. Сәрсембаеваның орнына №338 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.
Маншук Алимжановна Джапарова, 20.11.1958 жылы туған, қазақ, білімі арнаулы орта, Аққулы ауылында тұратын зейнеткер, шығып қалған Ж. М. Хамзинаның орнына №350 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.
Учаскелік сайлау комиссиясының тағайындалған мүшесінің өкілеттік мерзімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссиясының жаңа мүшесін сайлағанға дейін есептелсін.
Осы шешім Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихатына, учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Г. Калиева
Сайлау комиссиясының
хатшысы Б. Мукатаева