Ақпараттық хабарлама
2020 жылғы 14, 19, 26 қарашада Павлодар облысы Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңының 102, 103-баптарына сәйкес, "Nur Otan "партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы Аққулы ауданы филиалының, "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының, "Ақ Жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының Аққулы ауданы мәслихаты депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттарды ұсыну және олардың сәйкестігін белгілеу туралы:
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Аққулы ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың оларға Конституциямен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін анықтады.
Аққулы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы