2020 жылғы 26 қазанда Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы УСК мүшелерін босату және тағайындау бойынша АСК мүшелерінің отырысын өткізді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 1, 3-тармақшаларына сәйкес және учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен және өз еркімен босату туралы өтініштері негізінде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы УСК-ның 6 мүшесін учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан босату туралы шешім қабылдады.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 8-тармағының және ұсынылған өтініштердің негізінде аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын орган сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін УСК шығып қалған мүшелерінің орнына комиссияның жаңа мүшелерін тағайындады.