Меню

Страницы

Статья

ЖСК туралы ереже

Аққулы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының
2025 жылғы «21» тамыздағы
№30/47 қаулысымен бекітілген

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы

Жас сайлаушылар клубы туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – АСК) жанындағы диалог алаңы болып табылады.

          Осы Ереже Клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Клуб өз қызметін жүзеге асыру барысында Аққулы ААСК мүшелерімен, Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-мен, «Ertis аграрлық-техникалық колледжі» КММ-мен, сондай-ақ Аққулы ауданының мектептерімен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Клуб туралы ереже Аққулы ААСК қаулысымен бекітіледі.

2. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 4.  Клубты құрудың мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде сайлау мәселелері бойынша құқықтық білім беру. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, әртүрлі деңгейдегі сайлау науқандарына және референдумдарға қатысуға жауапкершілікпен қарауын дамыту.

5. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас азаматтардың құқықтық және саяси сауаттылық деңгейін арттыру;

2) Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен таныстыру;

3) жастардың сайлауға, қоғам мен мемлекет өміріне қатысуға қызығушылығын дамыту;

4) жастардың азаматтық бастамаларын қолдау және іске асыру.

3. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары

6.  Клуб қатысушылары – мектеп оқушылары (9–11 сыныптар), колледж студенттері, сондай-ақ Аққулы ауданының 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастары (келісім бойынша).

7.  Клуб қатысушылары Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.

8.  Клуб мүшелері құқылы:

1) Аққулы ААСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар енгізуге;

2) Клубтың басқа қатысушыларының пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіруге, ол пікір Клуб отырысының хаттамасына енгізілуге тиіс.

4. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

9. Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырады.

10. Клуб отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет Аққулы ААСК төрағасымен шақырылады және өткізіледі.

11. Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс жүргізуді және отырыстарды дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы Аққулы аудандық АСК болып табылады.

12. Жұмыс органы:

1) отырыстарды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асырады;

2) сайлауды ұйымдастырушыларды, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды Клуб қызметіне қатысуға тартады;

3) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізуден кемінде бес жұмыс күні бұрын хабардар етеді;

4) Клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді.

5. Қорытынды ережелер

13. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Аққулы аудандық АСК қаулысымен енгізіледі.

14. Клуб қызметі Аққулы аудандық АСК төрағасының шешімі бойынша тоқтатылады.

 

Дата публикации
17 июня 2026
Дата обновления
18 июня 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы